Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаңы көкке көтерілген көше

c 18:31, 14/08/2018 c 610

0:00 / 0:00

Орал қаласының тұрғындары Кердері көшесін осылай атайтын болған. Жылу желілерін ауыстыруға байланысты ауданда атқарылған жұмыс аяқсыз қалып, жаяу жүргіншіге үлкен қолайсыздық туғызып отыр. Ал мердігер кәсіпорын болса, қазіргі күні үлкен шұңқырларға толы құрылыс нысанынан төбе көрсетпей қойыпты.

Бұл қаланың орталық көшелерінің бірі. Жылу желілерін ауыстыруда қауіпсіздік техникасы талаптары өрескел бұзылған дейді осы маңдағы тұрғындар. Құбыр салу үшін қазылған алып шұңқырлардың көмілмей немесе ескерту үшін қоршауға алынбай тұрғанына біраз болыпты. Бұл жаяу адамға да, көлікке де аса қауіпті дейді шағымданушылар. Жылу желілерін жаңғырту жұмысы жаздың басында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша басталған еді. Осыған орай көп қабатты үйлер ыстық судан ажыратылды. Қазіргі күні басты жұмыстар тәмамдала келгенімен, нысандар басындағы олқылықтар жойылмаған. Шұңқыры көмілмей, топырағы желмен көтеріліп, тас жолдың үсті шаңға бөккен көшедегі қолайсыздық шынында да адам өміріне үлкен қауіп төндіретіні байқалады. Дегенмен жақын аралықта бұл мәселе шешімін табады дейді билік өкілдері. Мердігерлер өз жұмыстарын тиянақты атқарып, жан баласы зардап шекпей тұрып қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.