Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаған өзенінің арнасы суға толды

c 17:25, 19/04/2021 c 762

0:00 / 0:00

Шаған өзенінің аранасы суға толды. Бұл туралы «КАЗСУШАР» РМҚ БҚОФ бас инженер-гидротехнигі Шынболат Ермағамбетов мәлімдеді. Айта кеткен жөн биыл облыста су тасқыны қаупі жоқ. Биыл қар түсімі жақсы болды. Сөйтіп, Шаған өзені суға толды. Ал облыстың ең маңызды тіршілік көзі саналатын - Жайық өзенінің арнасы әлі де болса таяз. Мәселен, 2019 жылы өзенге жиналған ылғал көлемінің ең төменгі көрсеткіші 240 см болса, өткен жылы 370 см су жиналған. Гидротехникалық стансалардың мәліметі бойынша бүгінгі күні Жайыққа 320 см көлемінде су құйылған. Айта кеткен жөн Жайық өзені бойындағы 4 су қоймасына су жинау жұмысы жүргізілуде. Сала мамандары өзен деңгейінің көтеріліп, салаларының суға толып, арналарының қураған өсімдіктерден тазарғанына, су көздерінің ашылғанына қуанышты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.