Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сессияға салынған мәселелер

c 18:40, 28/08/2019 c 609

0:00 / 0:00

Мәслихатта көтерілер мәселе көп. Бюджеттің жобаланып бөлінуінен бастап, білім мен денсаулық саласы, құрылыс барысы сынды жұмыстармен жалғасып ең кішісі иесіз иттер мен қаңғыған мысықтар мәселесі де мәслихаттың талқысына түсіп, депутаттардың араласуымен шешіледі. Бүгінгі кезектен тыс өткен мәслихат отырысында да көтерілген мәселе шаш етектен. Соның бірі жедел-жәрдем станциясында дәрігерлер жетіспеушілігі. Бүгінгі таңда науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 13 дәрігер мен 30 фельдшер тапшы болып отыр.

Бүгінгі таңда Орал қаласының аумағында 47 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс жасайды. Алайда ақ халаттыларды шақыртуы көп шаһарға бұл бригада аздық етіп отыр. Биыл медициналық колледжді фельдшер мамандығы бойынша 35 түлек аяқтаса, олардың барлығын облыс бос тастамай жұмысқа қабылданған. Бірақ, 35 маман дәрігерлерге деген сұраныстың орнын толтыра алмапты.

Мәслихатта жиі талқыланытын тақырыптың бірі - бұралқы иттер пен қаңғыған мысықтар мәселесі. Иесіз ит-мысықтар инфекциялық кеселдің таралуына себепкер болуы ықтимал. Соңғы сегіз жылда 200-ден астам үй жануарларының құтырмаға шалдыққаны анықталған. Соның 40 пайызы осы қаңғыған иттер. Біздегі осы өзекті болып отырған мәселені депутаттар Түркия мен Грекия тәжірбиесін қолдану арқылы шешуді жөн көреді. Мәселен, шетелде иесіз иттерді аулап, залалсыздандырып қайтадан бостандыққа жібереді екен.

Сессияда депуттаттар ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының баяндамасын да тыңдады. Биыл аталмыш саланың дамуына 15 млрд қаражат бөлінген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 35 пайызға көп. Қазір өңірде 8 мыңнан атсам ауыл шаруашылық бірлестігі бар. Сол бірлестіктің қол астында 68 мыңнан астам азамат еңбек етеді. Облыс халқын көкөніс қамтау үшін 100 жылыжай салу жоспарланып отыр. Биыл бар жылыжайлардан 400 тонна өнім жиналған. Сондай-ақ, сессия барысында 2 тоннадан астам ет экспорталғаны да белгілі болды.

Биыл 3 мыңнан астам ірі қара етін шетелге экспорттау жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Иран, Ресей, Әзірбайжан мен Қытайға 2 тонна ет жөнелтіліпті. Облыс көлемінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында инвесторлар тарту жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, Қазталов ауданында инвестор есбінен бордақылау кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.