Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенбілік жәрмеңке

c 17:54, 20/08/2018 c 764

0:00 / 0:00

Орал қаласында жәрмеңкеге денсаулық сақтау саласының мамандары қатысып, өнімдердің сапасын тексерістен өткізді. Әр, сенбі сайын өткізіліп отырған жәрмеңкеге келушілер саны артып отыр.Төмен бағамен азық - түлік аламын деушілердің бәрі осы жерден табылады.

Дәстүрлі жәрмеңке осы демалыс күндері де болып өтті. Аталмыш шараға барша тауар өндірушілер мен алып сатумен айналысатын кәсіпкерлер қатысты. Тауар бағасы өзге сауда нүктелеріне қарағанда 20 пайызға төмен. Мәселен, қазіргі таңда тұтынушылардың сұранысына ие болып отырған бақша өнімдері қарбыз-60, ал қауын 100 теңгеден саудаланды.

Жәрмеңке барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары жәрмеңке қойылған барша өнімнің сынамасын алып, тексерістерін жүргізіп жатты. Қала тұрғындары азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алып жатқандықтарына ризашылықтарын білдірді.

Облыс орталығында ұйымдастырылған жәрмеңке келешекте өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.