Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяжайларға су көлігі қатынайды

c 16:53, 08/06/2022 c 867

0:00 / 0:00

Орал қаласында саяжайларға қатынайтын су көлігі іске қосылды. Қазіргі таңда жолаушыларды "Орал фолт сервис" мекемесі тасымалдайды. Су көлігі екі бағыт бойынша қатынайды.

Оралдықтар бау-бақша науқаны басталған шақта Барбастау мен Учужный Затонға қатынайтын су көлігі болмай, қиындықтықтарға тап болды. Бұған себеп-екі саяжайға қатынайтын су көліктерінің болмауы еді. Билік бірнеше мәрте тендер ұйымдастырғанымен еш нәтиже шықпады. Әйтеуір, өткен айдың 27-ші жұлдызында жолаушыларды тасымалдайтын компания анықталды. Қазіргі таңда су көлігі екі бағыт бойынша қатынайды.

Қазіргі таңда су көліктеріндегі жолақы құны 150 теңгені құрайды. Барбастауға сенбі, жексенбі күндері қатынайды. Ал екінші маршрут бойынша көлік сәрсенбіден жексенбіге дейін жолаушыларды тасымалдайды.

Саяжайларына енді қатынай бастаған жолаушылардың қуанышында шек жоқ.

Өткен жылы саяжайларға қатынайтын су көліктері үшін мемлекет қазынасынан 19 млн теңгедей субсидия төленді. Алайда 2022 жылға арналған сомма белгісіз. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығының мамандары тиісті құжаттарды әділет министрлігіне тапсырып жатырмыз. Министрлік бекітсе ғана субсидияның көлемі белгілі болады,- дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.