Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяси партиялар теледебатқа қатысты

c 18:43, 25/12/2020 c 992

0:00 / 0:00

БҚО-да саяси додаға түскен партиялар арасында бірінші дебат өтті. Аталмыш пікір сайыс жергілікті арнаның тікелей эфирінде ұйымдастырылды. Сөз сайысына облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерін ұсынған партиялар қатысты.

Биыл алғаш рет сайлауға түсіп жатқан саяси партиялар бірінші рет тікелей эфирде дебатқа қатысты. Сөз додасына облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерін ұсынған 4 партия түсіп отыр. Саяси партияның өкілдері арасындағы пікірсайыс 1 жарым сағатқа ұласты.

Бірінші кезеңде партиялар өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында қандай жұмыстар атқаратынымен бөлісті. Екінші кезеңде жүргізушілердің сұрағына жауап берді.

БҚО-да алғаш рет ұйымдастырылған теледебатта партия өкілдері бұқара халыққа үндеу жасап, шараны қорытындылады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламент Мәжілісі мен облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы 10-шы қаңтарда өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.