0:00 / 0:00
Орал қаласындағы Достық үйінде балаларды тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың рөліне арналған кездесу өтті. Іс-шара БҚО Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар отбасылық тәрбие, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы институтын нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың нәтижелері таныстырылды.










