Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сайыс жалғасуда

c 17:41, 07/06/2019 c 979

0:00 / 0:00

Орал қаласында мамырдың бесінен басталған республикалық байкарда мен каноэ есуден республикалық спартакиада тартысты өтуде. Бүгінде спортшылар 1000 метр, 500 метр қашықтық бойынша бақтарын сынап үлгірген. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ойын 130 дан астам спорт сүйетін жанның басын қосты.

Орал қаласында байдарка мен каноэ спорты бойынша спартакиаданың екінші күні тартысты өтуде. Республикалық сайысқа 11 өңірден 130 астам спортшы қатысып жатыр. Сайыстың екінші күнінде еліміздің түпкір-түпкірінен келген қатысушылар 4 кісілік 500 метр дистанциясы бойынша бақ сынады.Қазіргі таңда 51 медаль жиынтығының 30 сарапқа салынып, иесін тапқан.

Ерлер арасында өткен байдаркадан 4 кісілік сайыста Түркістан облысы алтынды қанжығалады. Осы дистанция бойынша қыздар құрамасы да бақ сынаған еді. Қыздар арасында үшінші орынды батысқазақстандық құрама еншіледі. Каноэдан алтынды Шымкент қаласының құрамасы бас жүлдеге ие болды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік танылған спортшылар ұлттық құраманың сапында ел намысын қорғайды. Қазақстандық спортшылар 2020 жылы Жапонияда ұйымдастырылатын Олимпиада ойындарына қатысу үшін әлемдік сайыстарға қатысып, жеңіске жетуі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.