Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Роман Копняевты ақтық сапарға шығарып салды

c 18:03, 27/04/2022 c 1166

0:00 / 0:00

Бүгін оралдықтар журналистикада 25 жыл тәжірбиесі бар, арнамыздың келбеті, білікті журналист, Роман Копняевты ақтық сапарға шығарып салды. Әріптесімізді соңғы сапарға шығарып салуға келген бұқараның қарасы қалың болды.

Ақжайық жұртшылығы журналистикада өзіндік қолтаңбасын қалдырған, білікті, кәсіби журналист Роман Копняевты соңғы сапарға шығарып салды. Роман Евгеньевич "ТДК-42" телеарнасының келбетіне айналып, арнамыздың дамуына үлес қосты. Ол саналы ғұмырында журналистика саласында түрлі БАҚ-да қызмет жасап үлгерді. Телеарна ашылған кезден бастап түрлі хабар дайындап, тікелей эфир мен кешкі жаңалықтарды тізгіндеді. Көзі қарақты көрермен бақиға аттанған әріптесіміздің материалдарын асыға күтіп, қарап, материалын бірден танитын. Ол- түрлі тақырыпта жазып та, айта білген журналист. Роман Копняев эфирге материал дайындаған кезде тақырып таңдамай, түрлі проблеманы да, азаматтардың қуанышын да бөлісті. Бұқара халық мәселесі болса, Романға айтуға асығатын. Кәсіби маман көпшілікке көмектесуі үшін аянбай қызмет жасады.

Роман Копняевты ақтық сапарға шығарып салуға келген бұқара халықтың қарасы көп. Жерлеу рәсіміне қатысқан тума-туыс, дос-жарандар мен қала тұрғындары марқұм туралы естеліктерін былай деп баяндайды.

Әріптесіміздің отбасы мен тума-туыс, достарына қайғыра көңіл айтамыз. Марқұмның топырағы торқа боп, жаны жәннатта шалқысын! Роман Копняевтың жарқын бейнесі көрермендер мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.