Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Республикалық акция

c 16:14, 18/02/2019 c 494

0:00 / 0:00

16-шы ақпан күні республикалық деңгейде тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігіне орай барша төтеншеліктер, жергілікті полиция қызметімен, газ бен жарыққа жауапты тұлғалар сап түзеді. Сала мамандары төтенше жағдайды болдырмас үшін үй-үйді аралап, қауіп-қатер орын алатын жағдайларды түсіндіруді көзделген.

Биыл БҚО аумағында 62 өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалынның 70 пайыздайы тұрғын үй секторында орын алыпты. Қыс мезгілінде төтенше жағдайды болдырмау мен азаматтарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін барша төтеншеліктер, комуналды қызмет, полиция мен бір еріктілері тобы сап түзеп, республикалық акцияға қатысты.

Сала мамандары тілсіз жау электр тоғының тұйықталу, пештердің дұрыс жағылмауы мен балаларды көзден таса қылған жағдайда орын алады деседі. Өңір тұрғындарының басым көпшілігі көгілдір отынмен баспаналарын жылытады. Осы орайда, жауапты мамандар жеке секторда жіберілетін олқылықтарды тізбектеп берді.

Республикалық акция барысында сала мамандары 3000-ға жуық тұрғын үйді аралап, 8000 батысқазақстандыққа ақпараттық түсіндірмелік жұмыстарын жүргізіпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.