Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ресейге киік мүйізін өткізбек болған Өзбекстан азаматы қолға түсті

c 16:41, 10/04/2019 c 885

Ресейге киік мүйізін өткізбек болған Өзбекстан азаматы қолға түсті.БҚО полицейлері 9 сәуір күні 11:45 тер шамасында "Сырым авто" шекара бекетіндегі тексеріс кезінде 148 дана киік мүйізін тәркілеген.Белгілі болғандай 1970 жылы туған Өзбекстан азаматы қол сөмкесіне 148 дана киіктің мүйізін салып алыпты.Ол мүйіздерді Ресейге алып бара жатқан бетінде қолға түсіп отыр.Қазір осы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.Бұдан бөлек кеше ғана Казталаов ауданында да киік мүйізін алып кетпек болған адам қолға тсүкен. Естеріңізге сала кетейік қазір облыс бойынша 1-30 сәуір аралығында "Киік" жедел профилактикалық іс - шарасы жүріп жатыр."Осыған байланысты қазір БҚО Жәнібек, Орда, Жаңақала,Казталов аудандары аумағында полиция өкілдерінің мобилді тобы жұмыстанып жатыр",- деп мәлімдеді БҚО ЖПҚ басқармасының бастығы Кенжебек Қоспаев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.