Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Прокурорлар жанжалы

c 18:10, 09/08/2019 c 778

0:00 / 0:00

«Ет сасыса тұз себерсің, тұз сасыса не себерсің»? Өңірде өкілетті органдар өкілдері арасындағы араздастық азаймай отыр. Мәселен, осыдан бір ай бұрын ғана БҚО ПД қызметкерлері арасындағы жанжал әлеуметтік желіде желдей есіп, қоғамның назарын өзіне аударса, енді өңір прокурорлары елді дүрліктіруде. Назарларыңызға ұсынылып отырған бейнежазба 8 тамыз күні түнде түсірілген. Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай ішімдікке сылқия тойған Бөрлі ауданының прокурорларының бірі қоғамдық орында дәрет сындырмақ болады. Олардың бұл әрекетіне ескерту жасаған кездейсоқ куәгерлерге тап беріп, жағасына жармасқан заң өкілдері жанжал тудырып, балғат сөздерді жаудырады. Осы оқиғаға бүгін облыстық прокуратура мамандары түсінік берді. Бейнежазбада аты-жөндері аталатын Қайырмұханов пен Бердіғалиевтің Бөрлі ауданы прокуратурасының қызметкерлері екені расталды. Олардың үстінен қазір қызметтік тексеру басталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.