Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полицейлер кәсіби мерекесін атап өтті

c 14:44, 24/06/2021 c 780

0:00 / 0:00

Кеше Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік жиын өтті. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шара еліміздің тыныштығын сақтау жолында адал еңбек етіп, қызмет барысында қаза болған барша полиция қызметкерлерін еске алу үшін жарияланған бір минут үнсіздікпен басталды. Бұдан соң кеш шымылдығын түрген облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев елімізде қабылданған заңдардың тікелей жүзеге асуы мен халық құқығының қорғалуы, қоғам тыныштығын сақтауда полицейлердің орны ерек екенін атап өтті.Облыста бүгінгі таңда қоғам тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген үш мыңға жуық тәртіп сақшысы бар. БҚО ПД бастығының м.а Жанболат Жаншиннің айтуынша, қазір салада маман тапшылығы мәслесі шешіліп келе жатырған көрінеді. Бұдан кейін қызмет барысында қаза болған қызметкерлердің отбасылары мен жылдар бойы үздік нәтиже көрсеткен ішкі істер саласының қызметкерлерін облыс әкімінің алғыс хатымен, арнайы сыйлықтармен марапаттады. Жиын соңында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау жеделхаты оқылды. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.