Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Партиялардың мәжіліске өту шегі азаяды

c 18:17, 15/01/2021 c 668

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7 ден 5 пайызға  дейін төмендетуді ұсынды. Бұл жайында ол парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты. Мемлекет басшысы жаңадан сайланған мәжілістің алдына бірқатар міндеттерді жүктеді. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін, әлеуметтік мәселелерді қамтыған Ұлттық жоба қабылдау, шағын және орта бизнесті қолдауды қажет ететін заңнамаларды жетілдіру, ауыл,аудан әкімдерін сайлау жұмысы тұр. Сондай-ақ, су жаңа депутаттарға біреудің жеке мүддесіне бола лобби жасауды түп-тамырымен жою қажет деді. Парламенттің міндеті тек заң шығару ғана емес, қоғамда орын алған наразылықтарды шешуге де ат салысатынын айтты.

Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарының алдында атқаратын міндет көп. Су жаңа депутаттарға жылы орында жайғасып отыруға мүмкіндік болмайтын сияқты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен парламентке атқаратын міндеттерін жүктеп берді. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі енгізілмек. Сот пен құқық қорғау органдарының жұмысын өзгерту керек. Әлеуметтік мәселелер, денсаулық саласын жетілдіру, адам капиталын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, өңірлерді дамыту үшін Ұлттық жоба қабылданатын болады. Ал елдің саяси жаңаруы да қажет. Бұл орайда, партиялардың мәжіліске өту шегін төмендетуді ұсынды.

Ал  сайлауда дауыс берушілердің таңдау жасауына шектеу болмау үшін,  бюллетенге «бәріне қарсымын» деген жазу енгізілетін болады.

Қоғамдағы барлық наразылық білдірген, дау тудырған  мәселелер, ең алдымен Парламентте талқылануы тиіс. Сондықтан Президент Парламенттің жұмысы  енді тек заң шығарумен ғана шектелмейді деді.

Айта кету керек, енді лоббист депутаттардың әрекетіне шектеу қойылады. Әдетте біреудің жеке мүддесін қорғаған сауалдарын жолдағыш халыққалаулылары бұдан да қағылатын болды. Президент  депутаттарға біреудің жеке мүддесіне бола лобби жасауды түп-тамырымен жою қажет деді. Биыл ауыл әкмідерінің сайлауы болатыны мәлім. Тоқаев, аудан әкімін де халық сайлағаны жөн деп отыр. Қажет болса мұнымен шектелмейміз деді. Яғни облыс басшысын да сайлауымыз  мүмкін. Қоғамдық бақылау, жастарды қолдау, омбудсмен институтын енгізу, балалардың қауіпсіздігін қамту мәселелері де Президенттің тапсырмасынан  көрініс тапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.