Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Партия талабы

c 18:20, 21/08/2019 c 571

0:00 / 0:00

Елбасы жоғарғы оқу орындарындағы жемқорлық мәселесін сынға алды. Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін Қауіпсіздік Кеңесін тартатынын айтты. Ал 10  жыл бойы ректорлық креслосын бермей отырғандарды ауыстыруды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жіті тапсырды. Бұл жайында елбасы бүгін өткен Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты.Сондай-ақ, тұңғыш президент Нұр Отандықтар партия жұмысын насихаттауды қолға алуы тиіс деді.

Мәтін. Елбасының жетекшілігімен өткен Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына ел Президенті, Үкімет басшысы, министрлер кабинеті,әкімдер,  Парламент депутаттарының басым бөлігі төрт көз түгел жиналды. Себебі олардың бәрі билік партиясының мүшелері. Алайда, шенеуніктер партиямен байланысын ашық көрсете алмай отыр деп сынады, партия серкесі. Елбасының айтуынша, мемлекеттік органдардың кейбір басшылары, министрлер, әкімдер өзін партияның адамы секілді ұстамайды. Елбасы олардан партияның төсбелгісін тағып жүруді талап етті.

 Сондай-ақ, елбасы сыбайлас-жемқорлықпен күресті күшейтуді ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін  Қауіпсіздік Кеңесін тартқан жөн деп санайды. Өз кезегінде білім министрі Аймағамбетовті орнынан тұрғызып алып, қаншама жыл ректорлық креслосын бермей отырғандардың мәселесін шешуді тапсырды.

 Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, елдің даму барысын, экономикалық-әлеуметтік мәселелерді де сөз етті. Шағын және орта бизнеске салынатын салықты азайтуды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.