Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өзекті проблемалар талқыланды

c 18:00, 09/06/2022 c 913

0:00 / 0:00

Қант -күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бұрындары бір айда БҚО 1340 тонна қант тұтынды. Оның 900 -дан астам тоннасын бұқара халық пайдаланса, қалғанын өндіріс ошақтары кәдеге жаратты. Алайда көктемнен бастап Ресей мен Белорусьтан келетін секердің тасымалы тоқтады. Содан бері сөредегі қант жоғала жаздап, азаматтар арзан секер іздеп, сатып алу үшін таңмен кезекке тұрды. Тіпті кейбірі қант үшін болған шайқаста құлап жығылғаны есімізде. Жақында супермаркеттердің бірінде келісіне 370 теңгеден сатылған қанттың видеосы халық арасында таралды. Шенеуніктер 29-мамырда 13 вагон қант келді деп айтты.

Шенеуніктің сөзіне сенсек, өңірде қант тапшылығы болмайды. Жазда түрлі жеміс-жидек піскен шақта тосап қайнатылады. Сол кезде секерге деген сұраныс көбейетіні айтпаса да түсінікті. Қазірдің өзінде қанттың бағасы айтарлық шарықтағаны рас. Жаздың соңында бұл бағаның қалай құбылатыны белгісіз.

Қант мәселесінен өзге партия жанынан құрылған кеңесте жол жөндеу мәселесі де талқыланды. Жолдың жағдайы бірнеше жылдан бері жауыр болған мәселе. Биыл облыс орталығында жол салу бойынша небары 4 жоба іске асады.

Мамандар көптеп жол жөндеу үшін қаражат тапшы дейді. Осы жиында құрылыс материалдарының сапасы да сынға ұшырады. Кеңес мүшелері сапасыз битумның кесірінен жыл өтпей жатып, жолдар шұрық-тесік болатынын айтты.

Осы жиында ауыз су мәселесі де талқыланды. Жыл санап облыс орталығында құрылыс нысаны көбейіп, тұтынатын ауыз су мөлшері де артты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.