Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өз қолымен трактор құрастырып шықты

c 16:46, 14/02/2022 c 466

0:00 / 0:00

Жанарыс бала кезінен техникаларды құрастыруға және жөндеуге әуес болған. Ол әдеті кездейсоқтық емес. Әкесі кез келген көлікті емін-еркін жөндей білген. Соның бәрін көріп өскен кейіпкеріміз бүгінде нағыз шеберге айналыпты. Тіпті жарамсыз қалған жеңіл көліктердің бөлшектері мен шаруашылық жабдықтарын пайдаланып, шағын трактор құрастырып шыққан. Ауыр техника сағатына 30 шақырым қашықтықты еңсереді. Жем-шөп, көң-қоқыс тасуға өте қолайлы.​ Трактор мен тіркемесін құрастыруға 2 айдай уақыт кеткен. Темір бөлшектердің біразын ауыл тұрғындары тегін беріпті.​Бұл тракторды басқару да онша қиын емес екен. Жанарыс аулада тұрған ескі үш дөңгелекті мотоциклді де жаңартып алды. Оған шөп шабу құрылғыларын орнатып қойған. Бұл техника мал азығын дайындау жұмыстарын едәуір жеңілдеткен. Өнертапқыш шабындықтағы қызу еңбекті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Жаз бойы мотоциклдің көмегімен 36 бума шөп жинаған көрінеді. Жанарыс енді жүк көлігін құрастырып шығуды жоспарлап жүр. Әзірге қолда темір бөлшектер жеткіліксіз. Әйткенмен келешекте қажетті материалдар табылатынына сенеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.