Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отан алдындағы борышыңды өте

c 17:31, 27/02/2020 c 1012

0:00 / 0:00

Облыста көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл облыс бойынша 180 өрен Отан алдындағы борышын өтеуге аттануы тиіс. Алайда сала мамандары ер жігіттердің арасында майтабан дерті мен көз және құлақ ауруларының дендеп кеткенін айтады. Бүгін қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада арнайы комиссия мүшелері болып, болашақ сарбаздармен жүздесті. Көктемгі әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында комиссия әр шақырылушыны жеке-жеке қарап, алған білімін, мамандығын ескереді, отбасы жағдайын сараптайды, денсаулығының жарамдылығын басты назарға ала отырып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы шешім қабылдайды. Жасақтау экстерриториалды принципке сәйкес жүзеге асырылады, яғни шақырылушы өзге облысқа аттандырылады. Бұл жолы сарбаздар Ұлттық қаупсіздік комиттетінің шекара қызметіне атанбақшы. Мерзімді әскери қызметке шақыру желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі. Өткен жылы барлығы 177 азамат әскер қатарына аттанған. Отан алдындағы борышын өтеуге 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер жарамды болып саналады. Алғашқы аттанатын сарбаздар наурыз айының 13-ші жұлдызы күні жолға шығады деп жоспарланып отыр

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.