Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдағы бес қабатты тұрғын үй үш жыл бойы көгілдір отынды заңсыз пайдаланып келген

c 18:08, 18/11/2019 c 666

0:00 / 0:00

Қарапайым тілмен айтқанда, табиғи газды ұрлау дерегі анықталып отыр. Арна тілшілері «ҚазТрансГазАймақтың» өкілдерімен бірге көгілдір отынды заңсыз жағып келген орынға шығып, жағдайды бағамдап көрді. Бұл 5 қабатты тұрғын үй Циолковский 2/20 мекен жайында орналасқан. Мұнда 70 пәтер бар. Тұрғындардың көпшілігі құрылыс аяқталысымен, баспаналарына бірден қоныс тепкен. Көгілдір отынды заңсыз пайдалану фактісі тұрғындарының бірі «ҚазТрансГазАймақтың» жедел қызметіне қоңырау шалып, газдың иісі шыққанын хабарлау жағдайынан соң, кездейсоқ анықталып отыр. Бүгінгі күні табиғи газды әр отбасы қанша көлемде тұтынғаны белгісіз. Көгілдір отынға мұндай жолмен кім және қалай жол салғаны әзірге жұмбақ. «ҚазТрансГазАймақ» мамандары аталған фактіні ішкі істер органдарынақұқықбұзушылық ретінде тіркетіп отыр. Бір таңқаларлығы, көп қабатты үйдің тұрғындарының ешқайсысы көгілдір отынның қызметіне ақша төлемеген, "түбіртек" дегенді қолмен ұстап көрмеген. Сол себепті компания газ ұрлығын уақытылы әшкерелемеген. Бұл баспаны қандай компания салғанындығы жөнінде ақпарды әзірге біле алмадық. Облыстық және қала әкімдігіне телефон шалғанымызда, мардымды жауап ала алмадық. Аталған жағдай арна бақылауында қала бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.