Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда соңғы уақытта автокөліктердің қызыл жалынға орануы жиілеп отыр

c 17:52, 09/08/2018 c 674

Осы жыл басталғалы облыста 59 автокөлік өрті тіркеліпті. Оның 12-сі жүк көлігі, 43-і жеңіл көлік, 4-4еуі автобуста орын алған. Осындай төтенше жағдай қаламыздың Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы 85/6 мекен-жайында тіркелді. Кенеттен жаңадан салынған тұрғын үй алдында тұрған темір тұлпарда от тұтанып, көзді ашып-жұмғанша түгі қалмай жанып кетті. Тал түсте болған оқиға осы маңдағы тұрғындардың зәре құтын қашырды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

-"Оқиға 8-тамыз күні 14 сағат 57 минутта тіркелді. Ауди-80 маркілі автокөлік өртенді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын және кінәлі тұлғалар анықталуда. Өртті ауыздықтауға 2 бірлік техника мен жеке құрамнан 10 адам жұмылдырылды. 15:30да жалын толықтай өшірілді",-дейді БҚО ТЖД-нің бас маманы Мирас Әлекешев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.