Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда кардио орталық салынады

c 18:01, 17/04/2019 c 992

0:00 / 0:00

Орал қаласында жаңа кардиологиялық орталық салынады. Бұл туралы аймақ басшысы Алтай Көлгінов Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық кеңесінде айтып берді. Жүрек емдейтін ауруханадан өзге, жаңадан 58 жедел жәрдем көлігі сатып алынбақ.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесінде сөз алған облыс әкімі орынның тапшылығына байланысты ем-дом алып жатқан науқастардың жағдайын баяндап, келесі жылы қалалық аурухана жанында жаңадан кардиорталықтың бой түзейтіндігін атап өтті. Жаңа нысан "Қарашығанақтың" есебінен салынбақ. Сала мамандары қазіргі таңда құрылыстың жобасын жасақтап жатқан көрінеді. Егер барлық құжаттар жинақталып, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізілсе, келесі жылы құрылыс басталады деп жоспарланып отыр. Биыл медицина саласында жағымды жаңалық көп. Қалалық аурухана мен онкодиспанцерге қымбат шетелдік құрылғы сатып алынып, жедел жәрдем көліктерінің саны толықпақ.

Жағымды жаңалық медицина саласынан өзге, білім беру саласында да орын алмақ. Білім беру саласындағы ең өзекті мәселенің бірі-оқушыларды ыстық тамақпен қамту мен сол тағамның сапасы.

Келесі жылы облыс көлеміндегі барлық мектептердегі компьютер жаңартылмақ. Барлық техниканы мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасының аясында сатып алу мүмкін болып отыр. Техниканың соммасын келер жылда әкімдік толық төлеп бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.