Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының тұрғындары ыстық суға қол жеткізді

c 16:41, 16/08/2018 c 727

0:00 / 0:00

Яғни жылу қазандығын газға қосу жұмысы жанданды. Бұл жөнінде "Жайық жылу қуат" АҚ мәлімдеді. Осыған дейін облыс орталығында 2 аптаға ыстық су ажыратылған болатын. Коммуналдықтар "Қазтранс газ аймақтың" алдындағы қарызын өтеу үшін борышкерлерден қарызды өндіру шарасын үдеткен.

Екі апта бойы ыстық сусыз отырған қала тұрғындары арасында еш жазықсыз борышкерлердің кесірінен жазаланғандар болды деуге негіз бар. Олар -үнемі коммуналдық қызмет ақысын уақытылы төлейтін жауапты тұтынушылар. Бүгінгі күні жылу қуазандығындағы жұмыстың жандануы борышкерлермен күресте атқарылған үздіксіз жұмыстардың арқасы. Және газ жеткізушілермен келісім құрылған.

Өкпелері қара қазандай болса да, тұрғындар мұндай қолайсыздыққа үйреніп, суды ысытып пайдаланып келеді. Бірақ бұл биыл соңғы рет ыстық суды ажырату болса екен деп тілейді. Борыштарды өндіруге Ураган көлігі де көмектесуде. Жол сақшыларымен коммуналдық ақыны төлемеген адамның ондаған көлігі айып тұрағына тоғытылған. Күн сайын қалада қарыздарды жинаумен 7 мобильді топ айналысуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.