Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында коммуналдық қызметтер қысқа дайындықтарын пысықтауда

c 17:24, 03/10/2018 c 578

0:00 / 0:00

Облыс орталығының тазалығына жауапты кәсіпорын қаланы ақ мамықтан аршуға техникасы мен құрал-жабдықтарын сайлап қойғандарын мәлімдеді. Биылғы жылы сапқа 100-ден астам техника мен 800 жұмысшы шықпақшы. Қазіргі кезде кәсіпорын цехтарында жұмыс қыз-қыз қайнап жатыр.

Қысқы маусымда "Жайық таза қала" ЖШС-нің қарбалас ісі күрт көбейіп, бірнеше ауысымда жұмыс жасауға тура келеді. Қазір коммуналдықтар қысқа дайындықтың қамына қызу кіріскен.

Кәсіпорын қолда бар техника мен құрал-жабдықты майлап-сайлап, жолдағы мұзтайғақтың алдын алу үшін құм аралас қоспаларын дайындауда. Жыл санап қала аумағы ұлғайып келеді. Бұл тазалықпен айналысушы жалғыз ғана кәсіпорынға түсетін салмақты арттырып отыр. Мамандардың хабарлауынша, қажетті инертті материалдың да қоры әзір көрінеді. Кәсіпорын қызметкерлері күннің күрт суытып, ауа райының құбылуы орын ала қалатын жағдай болса, техниканы сапқа тізіп, маусымдық жұмысты бастауға сақадай сай екендерін айтып сендіріп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.