Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында қауіпті аймақтарда енді полиция қызметкерлері жұмыс жасайтын болады

c 17:09, 16/10/2019 c 603

0:00 / 0:00

Орал қаласында қауіпті аймақтарда енді полиция қызметкерлері жұмыс жасайтын болады. Осындай шешім кеше БҚО ПД қабылданды. Кеше кешкісін ПД өкілдері департамент бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың басшылығымен шұғыл жиын өткізген болатын. Бұл шұғыл жиынға Орал қаласындағы жол- көлік оқиғаларының санының көбейіп кеткені себеп болған. Күн сайын жолда қиылып жатырған адам өмірін сақтап қалудың бір ғана жолы тәртіпті күшейту деген шешімге келіп отыр мамандар. Сондықтан да енді Орал қаласында полиция қызметкерелерін көшеден жиі көретін боласыздар. Бұдан бөлек қала ішіндегі қауіпті аумақтарға 40 жылдамдық өлшегіш камера қойылатын болады. Жол апатына кім кінәлі. Жүгенсіз кеткен көлік жүргізушісі ме, әлде соларды жүгендейтін тәртіп жоқ па. Бұл мәселемен полицейлердің өздері бас қатыра бастады. БҚО ПД жеке құрамы департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Сүйінбевтың төрағалығымен шұғыл жиын өткізді. Күн тәртібінде бір - ақ сұрақ. Полицейлер жол- көлік апатын қалай азайтамыз, мемлекеттің басты капиталы адам өмірін қалай қауіпсіз етеміз деген сұраққа жауап іздеді.
Орал қаласындағы жол -көлік оқиғаларының санын азайту үшін тәртіпті күшейту керек дейді полицейлер.Ол үшін қалада бірнеше жерде жылдамдықты өлшейтін камералар қондыру көзделіп отыр.Атап айтсақ алдағы жылдары Орал қаласының көшелеріне жылдамдық өлшегіш 40 камера орнатылатын болады.Бұл өз кезегінде көшедегі көлік қозғалысын реттеуге көмектеседі дейді мамандар.Бұдан бөлек жаяу жүргіншілердің қатысымен болатын көлік апатының алдын -алу мақсатында арнайы бағдаршамдар орнатылатын болады.
Жиын соңында Серік Сүйінбаев полиция өкілдеріне, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Әсіресе үлкен трассалардағы тәртіпті күшейту тапсырылды.Бұдан бөлек енді аптасына 3-4 мәрте қаладағы қауіпті аймақтарда полицейлер тәртіпті қадағалайтын болады. Қаладағы жол- көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында алда рейдтік шаралар жиі өтетін болады.Алда осында рейдтік шаралар арқылы жиі тексерістерді күшейту жоспарымызда бар, ал халықтан осындай шараларға түсіністікпен қарауын сұраймыз деді ЖПҚ басқармасының бастығы Қоспаев өз баяндамасында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.