Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полицияның әрекеті

c 17:00, 14/02/2019 c 685

0:00 / 0:00

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың есебіне қатысып жатырған қоғам белсенділерін БҚО полиция қызметкерлері күштеп шығарып жіберген.Ғаламтор беттері мен әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген осы ақпарат қаншалықты рас.Әкім есебіне қатысып отырған адамдарды күштеп шығаруға кімнің рұқсаты бар.Осы сұрақтарды БҚО ЖПҚ басқармасының бастығы міндетін атқарушы Кенжебек Қоспаевқа қойдық.Белгілі болғанындай полиция өкілдері есептік кездесуден ешкімді күштеп шығармаған. Тек қоғамдық орында қажетті тәртіп шараларын сақтаман екі азаматты залдан шығарған.Себебі олар өздерін залда дұрыс ұстамады деді полиция басшысы.Нақтырақ айтсақ, есептік кездесуде осы екі азамат қолдарына плакат алып, дауыс көтеріп сөйлей бастаған.Қоғамдық орынға кіру ережесі бойынша азамтарды тексеру барысында плакатты тастауды сұрағанмен олар полиция өкілдеріне қарсылық танытып, дауыс көтеріп елдің назарын аударуға тырысқан.Ал, полиция залда отырған тыныш адамдарды күштеп есептен шығарып жіберді деген ақпарат жалған деді ЖПҚ басқармасының бастығының М.А полиция подполкловнигі Кенжебек Қоспаев.Ютуб желісіндегі көрініс сол азаматардың полицияға бағынбай қарсыласып жатқан сәттері түсіп қалған.Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.