Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өндірісте алты адам қайтыс болды

c 18:08, 01/06/2022 c 773

0:00 / 0:00

БҚО-да күні бүгінге дейін өндіріспен байланысты 24 жазатайым оқиға тіркеліпті. Өкінішке орай, алты адам жұмыста жүріп қайтыс болған. Еңбек инспекциясының мамандары өндірістегі жазатайым оқиғалар көбінесе құрылыс алаңдарында тіркелетінін айтады. Еңбек заңнамасын орындамай отырған жұмыс берушілер де жетерлік. 4 кәсіпорын 49 жұмысшыға жалақысын төлемепті. Жалақы берешағы 105 млн теңгеден астам соманы құрап отыр.

Облыста еңбек дауы азаймай тұр. Жыл басынан бері түрлі еңбек дауына байланысты 446 шағым келіп түсіпті. Оның басым көпшілігі жеке тұлғаларға қатысты. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, БҚО-да түрлі меншік иелері мен кәсіпорындарда 34 тексеріс жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталып отыр.

Облыста өндіріс ошағында болатын жазатайым оқиғалар да азамай тұр. 28 адам түрлі зардап шегіп, 6 азамат қаза тауыпты. Оқыс оқиғалардың көбі құрылыс алаңдарында болады.

Еңбек дауы демекші, жұмысшыларға қасана жалақысын төлемей жүрген жұмыс берушілер бар. Мәселен, 4 кәсіпорын 49 азаматтың жалақасын төлемепті. Өндіріс ошақтарының жалақы берешегі 105 млн теңгеден асып жығылады. Сала мамандары осы кәсіпорындардың үшеуін банкрот деп жарияласа, енді бір мекеме атқару өндірісін ашыпты. Жалақыдан бөлек, әлі күнге дейін жұмыс берушілер қызметкерлерімен еңбек шартын жасаспайтын жайттар да аз емес. Еңбек инспекторлары келісімшарт дау кезінде жұмысшының құқығын қорғауға көмектесетінін айтады.

: Жаз шыға кәмелет жасына толмаған балалар да еңбекке араласа бастайды. Заңнама бойынша 18-ге толмаған балаларға ауыр жәнетүнгі уақыттағы жұмысты істеуге және денсаулығына зиян келтіретін орындарда қызмет жасауына тыйым салынған. 14 пен 16 жас аралығындағы жөспірімдер ата-ананың рұқсатымен аптасына 24 сағат жұмыс істесе, 16 мен 18 жастағы балалар 36 сағаттан аспайтын жұмыс кестесін орындайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.