Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өкпенің қабынуы өршіп тұр

c 01:22, 04/07/2020 c 574

0:00 / 0:00

Қауіпті індет коронавирустың кең таралуы барысында өкпенің қабынуына шалдыққан науқастар саны да артып кетті. Елімізде ағымдағы жылдың өткен  маусым айында 628 адам тек өкпенің қабынуынан  қайтыс болды. Бұл жайында бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.   Ал  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаппай жаназаға жинадып, ас беруге тиым салды.Өткен тәулікте елімізде 1501 адам коронавирус індетін жұқтырған. Оның ішінде 1005 адамда ауру белгілері жоқ. Жалпы індет бойынша 42 574 адам тіркелсе, 14777 –і осы аурудан жазылып шықты.

Жаппай ауырып жатқан қазақстандықтар қайсы коронавирустан, қайсы пневманияға шалдыққанын білмей дал болуда. Вирустың белгілері бар науқастарда өкпенің қабынуы анықталып, ПТР тесте теріс нәтиже көеестіп жатыр. Еліміздің бас санитары осылай болуы,  мүмкін. Өйткені коронавирус инфекциясы жоғарғы тыныс жолдарынан төменгі тыныс жолдарына түседі, сол кезде ПТР тест оң нәтиже көрсете бермейді, - дейді. Ал өткен айда өкпенің қабынуынан 628 науқас көз жұмған.

Айжан Есмағамбетова –ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері «2019 жылдың 6 айында 1 780 адам, ал биыл жарты жылда 1 772 науқас пневманиямен тіркелді. Бірақ, осы жылдың маусымында пневмониядан қайтыс болғандар саны артып, 628 адам көз жұмды.  2020 жылдың 6 айы ішінде пневмониямен ауырғандар саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ке өскен, ал маусымда төрт есеге көбейген.Бірақ, соңғы кездері пневмония диагнозы қойылған науқастарда коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсетіп жүр. Осылай болуы, әрине, мүмкін. Өйткені коронавирус инфекциясы жоғарғы тыныс жолдарынан төменгі тыныс жолдарына түседі, сол кезде ПТР тест оң нәтиже көрсете бермейді"

Ауруханаға тек ауыр халдегі науқастар түсуде. Ал қызуы болса да жағдайы орташа науқастар үйінде өз бетінше ем алуға мәжбүр. Ақшаның күшімен керек дәрісін алып, емін қабылдауда. Ал сол дәрінң өзін дәріханадан таба қою әлі мүмкін болмай отыр. Денсаулық сақату министрлігінің басшылығы неше күннен бері дәрі бар, мәселе шешіліп жатыр дегенімен, нәтижесін әлі көре алмай отырмыз. Қарапайым парацетамолдың өзі әлі жоқ. Ал ақшасы жоқтар қалай емделеді? Науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігердердің өзі осы індеттің құрбаны болып жатыр. Қазақстанда 18 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды дейді бас санитар. Ауырып қалған 492 дәрігерге пневмония диагнозы қойылса, 511-і емін жалғастырып жатыр.Ал коронавирус жұқтырып ауырып қалған экс-министр Елжан Біртановтың жағдайы жақсарыпты. Біртанов  инфекциялық стационардан шығып, қазір амбулаторияда емін жалғастырып жатыр екен. Өздеріңізге мәлім, бірқатар лауазымды тұлғалар індет жұқтырып, сауығып шыққандарын хабарлап жатыр. Бұл орайда жоғары лауазымды шенеуніктерді емдеудің ерекше тәртібі бар ма деген сұрақ туындайды.

Ажар Ғиният –ҚР денсаулық сақтау вице-министрі «Шенеуніктерді ерекше жағдайда ауруханаға жатқызып, емдеу тәртібі жоқ. Барлық мемлекеттік қызметкер, саяси, әкімшілік лауазымды тұлғалар ем-домды жұқпалы аурулар стационарында алады. Жағдайының ауырлығына қарай. Жеңіл және орташа жағдайдағы науқастар емді үйінде алып жаты.Мекемелік ауруханаларда жұқпалы аурулармен емдеу қарастырылмаған.Сондықтан бәріне ем бірдей жасалады»

Айта кету керек, қауіпті індетті жұқтыру отбасылық той-домалақтарда, жаназада, ас беру барысында белең алып отыр. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пандемия кезінде жаназа мен құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдеме жасады. Діни басқарма қазақстандықтарға жаназаға жаппай жиналуға тиым салды.

Жаназаға тек отбасы мен жақын туыстарынан 30 адам ғана жиналуы керек. Қандай да бір ас беруге тиым салынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.