Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстық дебат турнирі өтті

c 18:12, 01/11/2021 c 1913

0:00 / 0:00

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер мен оқушыларға арналған облыстық пікір сайыс ойындары өтті. Сөз додасы 26 команданың басын қосты. Дебат Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына арналды.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық техникалық университетінде дебат маусымы ашылды. Университет қабырғасында өткен пікірсайыс Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Дебатқа 26 фракция белсене қатысты.

Облыстық пікірсайыстың басты ерекшелігі-екі лигада ұйымдастырылуында. Мектеп пен колледж студенттері Альфа лигасында ойнаса, жоғарғы оқу орындарында оқитын дебаттерлар өзара тартысты. Жастар Американдық парламенттік форматта өзара тартысты. Және үздік спикерді Линкольн-Дуглас ойыны арқылы анықтады.

Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінде "Рух" дебат қозғалысы бірнеше жылдан бері жұмыс жасайды. Аталмыш орталықтың қайта түлеуі 2008 жылдан басталды. Жыл сайын пікірсайысқа қызыққан студенттердің қатары толығуда. Және бірінші рет биыл білім және ғылым министрі дебат қозғылысын дамыту керек деп еліміз бойынша тапсырма жүктеді. Енді облыстық дебатты қорытындыласақ, Альфа лигасында "Жеңіс" фракциясы бірінші орынды қанжығаласа, Бетада "Элеганттың" спикерлері бас жүлдеге ие болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.