Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыста 505 референдум учаскесі жұмыс істейді

c 17:22, 25/05/2022 c 1158

0:00 / 0:00

5-маусым күні Қазақстан аумағында референдум өтеді. Дауыс беруге облыс аумағында 500 арнайы учаске құрылды. Референдум участоктарында 3259 адам жұмыс істейді. Облыс аумағында 98 аумақтық сайлау комиссиясы және участок комиссиялары қызмет атқармақ.

5-мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу үшін референдум ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды. Енді қазақстандықтар маусымның алғашқы жексенбісінде ата-заңға өзгерістер енгізу үшін дауыс береді. Облыс аумағында референдумда дауыс беретін 505 учаске жасақталыпты.

БҚО-да конституциялық референдумды ұйымдастыру үшін 738 млн теңге қаражат бөлінген.

5-маусым күні дауыс беретін участоктар таңғы сағат алтыда ашылып, дауыс беретін орындар бақылаушылардың көзінше дайындалады. Ал қазақстандықтар таңғы сағат 7-де бастап, кешкі 8-ге дейін дауыс беретін мүмкіндікке ие. Алғаш рет дауыс берген жандар мен бірінші рет референдумға қатысқан азаматтарға сыйлық берілмек. Референдум барысында прокурорлар мен судьялар кезекшілікте болады. Дауыс беру барысында қандай да бір заң бұзушылық болса, сол сәтте қаралмақ.

Сурет https://tengrinews.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.