Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нан қымбаттайды

c 17:48, 30/09/2019 c 852

0:00 / 0:00

Биыл қазақстандық диқандар жылдағынан аз астық жинайды. Былтыр 20,3 млн тонна астық жиналса, биыл 3 млн тонаға аз яғни 17 млн тонна астық жинау жоспарлануда. Бұған жаз айларындағы аптап ыстық себеп деп отыр дейді, ауыл шаруашылық министрлігі өкілдері. Астықтық ең жоғары сорты жиналатын бидайлы өңір Қостанай облысының 8 ауданында еккен егін күйіп кетті.Оған қоса ауа райының қолайсыздығынан  егін жинау науқаны қиын жағдайда өтіп жатыр. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Ас атасы-нанның бағасына биылғы астық жинау барысы кері әсерін тигізуі мүмкін. Журналистер алдына шыға салып, ауа-райы қолайсыздығынан егін жинау науқаны қиындап жатыр, жаздағы аптап ыстық біраз егінді күйдіріп жіберді деген вице-министр Сапаровтың мәлімдемесі, көңіл қоншытпайды. Тамыздың 25 –де басталған егін жинау науқанына соңғы күндердегі жауын-шашын кедергі болып отыр.

Ел диқандары биыл өткен жылға қарағанда 3 млн тоннаға аз астық жинамақ.  Бұған жаздағы аптап ыстық себеп болып отыр. 2018 жылы еліміде жиналған астықтың жалпы өнімі 20,3 млн тоннаны құраған еді. Биыл 17 млн тонна астық жинау жоспары тұр. Қапырық ыстық бидайлы өңірлерде, әсіресе  Қосатанайда болғанды. Облыстың 8 ауданда еккен егін күйіп кеткенін айтады министрлік өкілі. Неде болса шындығын айтып, ағынан жарылған вице-министрдің сөзінен түсінгеніміз, жоғарыда аталған проблемалар елімізде нан бағасының қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін.

Дегенмен, астық көлемі былтырғыдан аз жиналса да, экспортқа астық шығару жоспары тұр.  Бірақ ішкі сұраныс толығымен қанағаттандырылады деп, сендірді вице-министр. Бүгіннің өзіне елордада бір бөлке нанның құны-90 теңгені құрайды. Бұл әлеуметтік нан болып табылады. Ал нанның басқа түрлерінің бағасы 200 теңгеге дейін жетіп жығылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.