Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нан бағасы тұрақты

c 17:38, 10/12/2019 c 549

0:00 / 0:00

«Желаев» нан комбинаты бүгінде 100-ден аса тағам түрлерін дайындайды. Жұмыс жасағанына 20 жыл толған комбинат бірінші сұрыпты нан бағасын 80 теңгеден асырмаймыз дейді. Ал кәсіпкерлік бөлімінің мамандары кәсіпорын өнімінің таралымы кең екенін айтады. "Желаев" нан комбинаты 20 жылдан бері ұннан жасалатын өнімдерді дайындаумен шұғылданады. Басында бар болғаны 3-түрлі нан пісірген комбинат бүгінде 100- ден аса нан түрлері мен 100- ден аса кондитерлік тәттілерді дайындады. Қызметкерлер жұмысты көтеріңкі көңіл күймен бастайтындарын айтады. Комбинатта 200-ге жуық қызметкер еңбек етуде. Жұмысшыларды цехтың байырғы қызметкерлері оқытып алады. Сала мамандарының сөзінше дәмді әрі құнарлы тағамды дайындау үшін астық сапалы болуы тиіс. Ал сапалы ұн бидайға тікелей байланысты болып табылады.Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек, бір күнде Оралдықтардың сұранысын өтеу жолында 7 нан комбинаты арқылы 25 мыңнан аса нан дүкен сөрелеріне шығарылады. Алдағы жылы нысан ішіне жөндеу жұмыстары жасалады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.