Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мүгедектер басшылыққа келеді

c 17:53, 12/12/2019 c 747

0:00 / 0:00

Үкімет мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтудың кешенді жобасын әзірлеп жатыр. Келесі жылдан бастап тағдыр тәлкегіне түсіп, мүгедек болып қалған азаматтарды мемлекеттік органға жетекшілік қызметке тұрғызуды қолға алмақшы. Бүгін сенатта міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарады. Осыған орай, енді көпбалалы отбасылары түгел жаңартылған жәрдемақы алады. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан үлестіріледі. 4 балаға - 42 496 теңге; 5 балаға - 53127 теңге; 6 баласы барларға - 63 757 теңге; 7 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларына - 74 388 теңге көлемінде тағайындалады.  Сонымен бірге аз қамтылған отбасылары атаулы әлеуметтік көмек алады.

Еңбек министрінің мәліметінше, бүгінгі күні 1 млн 655 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Оның 1 млннан астамы балалар. Сенат қабылдап отырған атаулы әлеуметтік туралы заң біраз мәселені шешеді дейді Нұрымбетов.

Өкінішке орай, балалары үшін берілетін әлеуметтік жәрдемақыға қанағат тұтып, тепсе темір үзетін ер азаматтар жұмыстан бас тартып отыр.

Біржан Нұрымбетов – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; «Елімізде тепсе темір үзетін 30 мыңнан астам ер адам жұмыстан бас тартып, балаларына төленетін атаулы әлеуметтік көмек қаржысына өмір сүруде. Меніңше, бұл жағдай дұрыс емес, ер азамат жұмыс істеуі керек. Атап айтқанда, егер ол жұмысқа тұрса, оның отбасына берілетін АӘК төлемдері жалғаса береді»

Ал жұмысқа жарамды болып тұрып бас тартқандар өзі де, отбасы да атаулы әлеуметтік көмектен қағылады. Осындай масылдық болмауы үшін,балалардың жәрдемақысын ата-аналардың қолына бермеу керек дейді сенат төрағасы.

Дариға Назарбаева – ҚР парламент сенатының төрағасы; «Бірқатар елдерде балаларға бөлінетін жәрдемақы ата-аналарының қолына берілмейді. Ол тиісті жергілікті органмен балалардың қажетіне жұмсалып, қадағаланады. Бұл өте маңызды. Сіздер осы механизімді зерттесеңіздер жақсы болар еді».

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесінде министрлік әлемдік тәжірибені ұсынады. Мемлекеттік органдардың басшылық қызметіне мүгедектерді орналастыру жоспары бар.  Батыс елдерінде он мүгедектің төртеуі жұмыс істейді. Ал біздің елде тағдыр тәлкегіне түскен жандарға мүсіркеп қарау әдеті әлі жойлымаған. Олар да қоғамға өз пайдасын тигізе алатын жандар. Алайда, мүгедектердің үштен бір бөлігі жұмысқа орналаса алмай жүр. Заңмен жалпы қызметкерлер санының 3 пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құрауы керек деген талап бар. Бірақ ол талап жұмыс істемей отыр.

Біржан Нұрымбетов – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; «Жаңа жылдан бастап осы мәселемен айналысамыз. Премьер-министр қолдап отыр. Біз мүгедектерді жұмыспен қамтумен тығыз айналысамыз. Мемлекеттік органдардың басшылық қызметіне мүмкіндігі шектеулі жандарды орналастырамыз. Яғни, бұрын құрылысшы болған, кейін мүгедек болып қалды. Ол адамды құрылыс істері бойынша басқарма басшысы қылуға болады».

Еңбек министрі әлемдік тәжірибеде мүмкіндігі шектеулі министр де, депутат та бар дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.