Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Министр кешірім сұрады

c 19:15, 25/02/2020 c 484

0:00 / 0:00

Жапониядағы лайнерде болған 4 қазақстандықпен бір ұшақта келген жолаушылар наразылық білдіріп отыр. Себебі, олар өздерімен бірге қауіпті індеті шыққан  Diamond Princess  лайнерінде болған адамдардың бірге ұшып келе жатқанынан хабарсыз болған. Бүгінде бір ұшақта келген 20 жолаушының бәрі елорда мңаынан 7 шақырым жерге карантинге жатқызылды. Жолаушылардың әлеуметтік желіде жазған наразылығына қатысты еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кешірім сұрады. Бүгінгі мәлімет бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 77 658 адамға жеткен, оның 2663-і қайтыс болған. 2 мың 700-ден аса адам ауруханадан шықты. Ал Қытайдан тыс жерде ең көп науқас тіркелген елдер қатарында  Оңтүстік Корея – 893 адам, Жапония – 851, Италия - 229, Сингапур - 90, Иран - 61, АҚШ - 53, Таиланд - 35, Австралия және Малайзия – 22 адамнан бар.

Жапония жағалауында карантинге жабылған лайнерде 3700 адам болғанды. Онда 454 адам короновирус індетін жұқтырды. Осы лайнерде болған 4 қазақстандық бұл індеттен аман қалып, елге оралған еді. Алайда, адам өмірін қиып жатқан қауіпті індет шыққан лайнерде болған азаматтармен бірге ұшып келген жоалушылар наразылық білдіріп отыр. Әлеуметтік желіде жазған наразы пікірлерінде, жолаушылар араларында қаупіті жерден келе жатқан адамдар болғаны туралы ешбір ескерту жасалмағанын, денсаулықтарына алаңдайтындарын айтады. Бүгінде бір ұшақта келген жолаушының бәрі елорда маңынан 7 шақырым жерге карантинге жатқызылды. Министр Біртанов өзге жолаушыларды ескертетін уақыт болмағанын айтып ақталды. Кешірім сұрады.

Жапонияда екі тестен өткен төрт қазақстандық тағы да медициналық тексеруден өтеді. Олардың екеуі ересек, екеуі 8-12 жас аралығындағы балалар.

Қазақстан өз тарапынан  коронавирус тараған елдермен  әуе қатынасын уақытша тоқтату немесе шектеу мәселесін қолға алмақ.

Бүгінгі мәлімет бойынша, Қытайда коронавирустан  2663-і қайтыс болған. Қытайдан тыс  тағы 9 елде қауіпті індет таралып жатыр. Короновирус шыққан Қытай елінің ғалымдары бұл ауруды 1,5 сағатта анықтайтын құрылғы ойлап тапқан. Науқастың мұрынынан немесе ауызынан сілекей алып тексереді.  Ал нәтижесі 1,5 сағатта дайын болады екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.