Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мерекелік концерт

c 16:45, 02/07/2018 c 866

0:00 / 0:00

5517 әскери бөлімінің оркестрі Астананың 20 жылдық мерей тойына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Мерекеге орай әскерилер облыстық «Ақжайық» шипажайының демалушыларына арнап өнерлерін ортаға салды. Бұл шарада 2016 жылы Ақтөбедегі қанды оқиғада ерлікпен қаза тапқан әскери қызметкердің анасы да қатысты.

2016 жылдың 5-ші маусымында Ақтөбедегі қанды оқиға еліміздің қабырғасын қайыстырғаны мәлім. Сол кезде қанды қол қылмыскерлерге тойтарыс берген кіші сержант Берікжан Қалиев өз өмірін қатерге тігіп, ерлікпен қаза тапты. Бүгінде батыр ұлды дүниеге әкелген анасы, Қазақстандқтардың қошеметіне бөленіп жүр.

5517 әскери бөлімінің оркестрі 1995 жылдан бері жұмыстанып келеді. Жақында аталмыш оркестр Астанада ұйымдастырылған халықаралық додада жеңімпаз атаныпты. Олар бүгінгі таңда, филармония музыканттарымен бірге түрлі өнер туындыларын орындап,  мерекеге орай көрерменге тарту жасауда.

Шарада орындалған әндердің баршасы бейбіт күнде ел тыныштығы үшін Ақтөбедегі терактіде опат болған жандардың құрметіне шырқалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.