Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үшем әскери борышын өтеп жүр

c 17:41, 19/10/2020 c 422

0:00 / 0:00

Оралда орналасқан Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде Ақтаудан келген ағайынды үшем мерзімді әскери қызметін атқарып жүр. 18 жасар үшем Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс Зеккеновтер осы жылдың көктемінде құқықтық тәртіп әскерінің қатарына шақырылған. Ағайынды Зеккеновтер дүние есігін ашқалы бері әрқашан бірге. «Болашақ» академиясының колледжін «Су көлігін пайдалану» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін балаларды мерзімді қызметке шақырған. Сол кезде де олар ажыратпауды өтінген. Оған жергілікті қорғаныс істер департаменті қол ұшын созып, бір әскери бөлімге жіберді. Үшем психологиялық тест тапсырған кезде олардың түр-әлпеті бір-біріне сәйкес келді.Ағайындылардың өздері бұған үйреніп қалған. «Алайда бір айырмашылық бар: Ақарыстың бойы екі бауырынан төрт сантиметрге ұзын – 178 болса, Бекарыс пен Жанарыстың бойы - 174 сантиметр. Алайда бұл ағайындылардың дене шынықтыруда бірдей нәтиже көрсетуіне кедергі келтірмейді. Олар әскерге дайындалу барысында арнайы спортпен шұғылданып, 100 м және 3 шақырымға жүгіруде және бел темір тартылуда бірдей көрсеткіш көрсетті. Үшеуі де спортпен айналысады. Ақарыс пен Бекарыс тоғыз жасынан бастап «каратэ-до» спорт секциясына қатысқан. Сол уақыт ішінде ағайындылар «каратэ-до» бойынша облыстық және қалалық спорт турнирлеріне қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Ал Жанарыс самбо күресінен спорт шеберінің кандидаты.«Ұлттық ұлан әскерлеріне мерзімді қызметке қазір шынымен де үздік жастар келеді, - дейді 5517 әскери бөлімінің мамандары. Қазір ағайынды үшем Орал қаласында қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қызметін мінсіз, абыроймен атқарып келеді». Отан алдындағы әскери борышын аяқтағаннан кейін ағайынды Зеккеновтер туған қаласы Ақтауға оралады. Содан кейін олар жоғары білім алып, заңгер мамандығын меңгеруді, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.