0:00 / 0:00
Қазақстанда жүргізушілерге жазғы шиналарды қысқы дөңгелекке уақытылы ауыстыру ескертілді. Алдағы күндері елдің бірқатар өңірінде күн суытып, жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Заң талаптарына сәйкес, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жеңіл көліктер мен шағын жүк көліктерін қысқы шиналарсыз пайдалануға тыйым салынады. Қысқы дөңгелектер көліктің барлық доңғалағына орнатылуы тиіс. Талапты бұзғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша 21 мың 625 теңгеден 86 мың 500 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Полиция жүргізушілерді көліктерін қысқы маусымға алдын ала дайындап, жол қауіпсіздігін сақтауға шақырады.







