Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарына түсу емтиханының форматы өзгеруі мүмкін

c 13:32, 11/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Енді талапкерлердің білімін бағалаумен қатар, олардың сыни ойлау қабілеті, цифрлық сауаттылығы және жасанды интеллектіні қолдану дағдылары да тексерілуі мүмкін. Алайда бұл өзгеріс бірден енгізілмейді. Жаңа жүйені ұлттық деңгейде қолдану мәселесі 2029 жылдың көктемінде қаралмақ. Жаңа емтиханды Ұлттық тестілеу орталығы халықаралық ETS ұйымымен бірлесіп әзірлеп жатыр. Жоба үш жылға жоспарланған. Осы уақыт аралығында зерттеу жұмыстары мен сынақ тестілері өткізіледі. Ал әзірге мектеп бітірушілер бұрынғыдай Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады. Яғни жаңа жүйе енгізілгенге дейін қолданыстағы формат сақталады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жаңа емтихан екі негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде талапкерлердің бейіндік пәндер бойынша білімі тексеріледі. Бірақ бұл жолы жаттанды білімнен гөрі, күрделі тапсырмаларды орындау және алған білімін тәжірибеде қолдану қабілетіне басымдық беріледі. Ал екінші бөлімде ХХІ ғасырға қажетті дағдылар бағаланбақ. Атап айтқанда, сыни ойлау, академиялық жазу, зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, сандық және цифрлық сауаттылық, креативті ойлау, сондай-ақ жасанды интеллектіні пайдалану қабілеті ескеріледі. Дегенмен жаңа емтиханның нақты тапсырмалары мен бағалау тәртібі әзірге бекітілмеген. Министрлік барлық өзгеріс ғылыми зерттеулер мен сараптамадан өтетінін хабарлады. Сондай-ақ AIT нәтижелерінің университетке қабылдау кезінде қалай есептелетіні де қосымша талқыланады. Түпкілікті шешім пилоттық сынақтардың қорытындысына қарай қабылданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.