Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медицина ұйымдары басшыларының әр бесіншісі аттестациядан өте алмады

c 13:25, 11/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстандағы перзентханалар, балалар стационарлары мен жедел жәрдем станциялары басшыларының әр бесіншісі кәсіби аттестацияның алғашқы кезеңінен өте алмады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ауқымды тексеру 1 қазанда компьютерлік тестілеу форматында басталған. Қазіргі уақытта еліміздің 15 өңірінен 235 медицина ұйымының басшысы мен олардың орынбасарлары сынақ тапсырған. Бұл жоспарланған қатысушылардың 72,1 пайызы. Нәтижесінде 188 адам, яғни тестілеуге қатысқандардың 80 пайызы қажетті балл жинаған. Ал 47 адам белгіленген межеден өте алмады. Олардың 25-і - ұйым басшылары, 22-сі - орынбасарлары. Тағы 27 адам тестілеуге мүлде келмеген. Сынақтан өте алмағандар саны бойынша Ақмола, Маңғыстау және Қостанай облыстары алдыңғы қатарда. Бұл үш өңірдегі теріс нәтижелер барлық сәтсіз тапсырылған тестілердің 55,3 пайызын құрайды. Ал Астана қаласы мен Павлодар облысының қатысушылары жүз пайыздық нәтиже көрсеткен. Министрлік өкілдері медициналық ұйым басшыларының қабылдайтын шешімдері науқастарға көрсетілетін көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан басқарушы құрамның кәсіби біліктілігін бағалау маңызды. Ережеге сәйкес, тестілеуден қажетті балл жинай алмағандар әңгімелесу кезеңіне жіберілмейді. Олар алты айдан кейін қайта аттестациядан өтуі тиіс. Айта кетейік, жарияланған мәліметтер - алғашқы кезеңнің аралық қорытындысы ғана. Тестілеу жұмыстары 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.