Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәскеу - Алматы рейсі Астанаға шұғыл қонды

c 15:37, 11/11 c 1

0:00 / 0:00

Мәскеуден Алматыға бағыт алған ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Оқиға 8 қарашада болған. Әуе кемесі SCAT әуе компаниясына тиесілі. Бұл туралы ақпаратты әлеуметтік желіде жолаушылар жариялаған. Әуе компаниясының баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Мәліметке сәйкес, Мәскеу - Алматы бағыты бойынша ұшу кезінде ұшақтың борттық жүйесінде ескерту индикаторы іске қосылған. Осыдан кейін экипаж қауіпсіздік талаптарын басшылыққа алып, Астана әуежайына қону туралы шешім қабылдаған. Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ әуежайға штаттық режимде қонған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ал жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін компания қосымша резервтік әуе кемесін ұсынған. Қазіргі уақытта рейстің мәжбүрлі түрде бағыт өзгертуіне борттық жүйедегі ескерту себеп болғаны белгілі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.