Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ның 3 әскери қызметшісі жемқорлық қылмысына барған

c 17:30, 05/11/2019 c 994

0:00 / 0:00

Қазақстанның Қарулы Күштері – офицерлер, сержанттар мен сарбаздардың әскери борышына адал және өз ісіне шын берілген үлкен ұжымы. Соңғы жылдары темірдей тәртіп орныққан осынау салада сыбайлас жемқорлық әрекеттері жиі байқалауда. Құқық бұзушылық мемлекеттік сатып алуды жүргізу, әскери оқу орындарына түсу, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және қызметі бойынша ілгерілету, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босату кезінде ақша жинау және пара алу әрекеттері жиі байқалады мыс. Биылғы жылы ҚР Ұлттық ұланның «5517 әскери бөлімі» -нің лауазымды бірқатар тұлғасы пара алғаны үшін сотталды. «Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық ұланының «5517 әскери бөлімі» бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары, майор Ж.М.Омаровқа және аталған мекеменің киім-кешек қызметі бөлімінің бастығы лейтенант Т.Б. Қыдыров жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойып,алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған. Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі жөніндегі комиссияның жұмысына ерекше назар аударылып,  әрбір әскери қызметшіге «бюджет қазынасына» және қызметтесінің «қалтасына» қол сұғудың қылмыс екенін насихаттайтын «мүлдем төзбеушілік» шаралары қарқынды ұйымдастырылуда. Ел азаматтарының бейбіт өмірін қорғай отырып, күнделікті ерен еңбегімен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосып келе жатқан әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа жол беру әрекеттері -бір ғана әскери гвардияға емес, елдігімізді айбынды етер Қарулы Күштерімізге сын тағары анық.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.