Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨЛІК ЖҮРГІЗУ ЕМТИХАНЫН ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

c 15:15, 13/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда көлік жүргізу емтиханын тапсыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, емтиханды қайта тапсыру мерзімдері жаңартылды. Жүргізуші куәлігін алуға үміткер азамат теориялық немесе практикалық емтиханды тапсыратын орынды, күн мен уақытты бос орындардың болуына қарай таңдай алады. Ол үшін емтихан өтетін күнге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын тіркелуі қажет. Қайта тапсыратын емтиханның келесі мерзімі алдыңғы емтихан өткізілген күннен кейінгі жұмыс күніне белгіленеді. Егер теориялық немесе практикалық емтиханнан қатарынан екі рет теріс нәтиже көрсетілсе, келесі талпыныс алдыңғы емтихан өткен күннен бастап кемінде 10 күнтізбелік күннен кейін өткізіледі. Бұған дейін бұл мерзім бір айды құраған. Ал емтиханнан үш рет теріс нәтиже алған жағдайда, келесі талпыныстар мемлекеттік корпорация белгілеген тарифтер бойынша ақылы негізде өткізіледі. Бұл ретте қайта емтихан тапсыру алдыңғы емтихан өткен күннен бастап кемінде 10 күнтізбелік күннен кейін жүзеге асырылады. Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін медициналық анықтама, мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат және бұрын берілген жүргізуші куәлігі ұсынылуы тиіс. Тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда жеке деректердің өзгергенін растайтын құжат қажет. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған азаматтардың жүргізуші куәліктері тәркіленіп, сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі. Онда куәліктің қолданысын тоқтату туралы мәлімет ақпараттық жүйеге енгізіліп, құжат жойылады. Ал көлік басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама мен мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат тапсырып, теориялық емтиханды оң нәтижемен тапсыру қажет

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.