Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

c 16:15, 26/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес күшейтілді. Биылғы он айда қылмыстық топ құру және оған қатысу деректері бойынша 50 қылмыстық іс қозғалған. Олардың арасында халықаралық деңгейде әрекет еткен топтар да бар. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдары 40-тан астам топтың ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар әрекетінің жолын кескен. Сондай-ақ түрлі қылмыс жасады деген күдікпен 240-тан астам криминалдық орта өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Бұдан бөлек, полиция 440-тан астам бопсалау дерегін анықтаған. Оның ішінде кәсіпкерлер мен білім беру ұйымдарына қатысты фактілер де бар. Қылмыстық топтардың заңсыз жолмен тапқан мүлкін заңдастыруына жол бермеу шаралары да қолға алынған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес барысында заңсыз айналымнан 380-ге жуық атыс және травматикалық қару, сондай-ақ бес мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Адам саудасына қарсы іс-қимыл бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Осы салада 135 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Зардап шеккендерге әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.