Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛЫНЫҢ 19 АРНАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

c 16:09, 26/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда есірткі тасымалының 19 арнасы әшкереленді. Оның сегізі халықаралық бағытта жұмыс істеген. Үш ай ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бір тонна 300 келіден астам есірткі тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. ҰҚК мәліметінше, биыл тамыз-қазан айлары аралығында есірткі жеткізудің сегіз халықаралық және 11 өңірлік арнасының жолы кесілген. Сонымен қатар бес жасырын есірткі зертханасы жойылды. Тәркіленген заттардың арасында салмағы жағынан синтетикалық опиоид басым. Оның көлемі 525 келіні құрайды. Бұдан бөлек, 404 келіден астам марихуана, 320 келіге жуық қарасора бұтасы, 18 келіден астам синтетикалық есірткі, 14 келі гашиш және 11 келіден астам апиын тәркіленген. Сондай-ақ күшті әсер ететін препараттардың 2 650 таблеткасы мен есірткі өндіруге пайдаланылуы мүмкін 2,6 тонна химиялық прекурсор алынған. Есірткі бизнесіне қарсы күрес халықаралық деңгейде де жалғасып жатыр. ҰҚК шетелдік құзырлы органдармен бірлесіп, сегіз арнайы операция өткізген. Нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 45 адам ұсталды. Олардың 40-ы Қазақстан азаматы, бесеуі шетелдік. Қазір аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.