0:00 / 0:00
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұлттық атом компаниясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген топтың әрекетіне тосқауыл қойды. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы басқарма мүшесі Омарбеков және өзге де бірнеше күдікті қамауға алынды. Арнайы қызметтің ресми мәліметінше, оларды ұстау операциясы 23 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің күшімен жүргізілген. Қазіргі уақытта барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу болжамы бойынша, топ-менеджердің ұсталуына «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығының қатысы болуы мүмкін деген ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық схемаларын тергеу негіз болған.







