Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСЫРЫН КАЗИНО ҰЙЫМДАСТЫРҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

c 16:42, 26/11 c 1

0:00 / 0:00

Ақтауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат ұсталды. Тергеу мәліметінше, жеті ай ішінде жасырын ойын мекемесінің айналымы 63 миллион теңгеден асқан. Өңір прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын залын анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, биыл сәуір-қазан айлары аралығында бір топ адам арнайы ғимарат жабдықтап, оған ойын терминалдарын орнатқан. Мұнда келушілерден ақша қабылданып, құмар ойындар ұйымдастырылған. Тергеу әрекеттері кезінде ойын жабдықтары тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, қабылданған ақшалай ставкалардың жалпы көлемі 63 миллион теңгеден асқан. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабы, яғни заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жарияланбайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.