Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зауытта жұмысшы өндірістік құрылғыға түсіп, қаза тапты

c 16:33, 14/10 c 1

0:00 / 0:00

Петропавлдағы «Сұлтан» макарон фабрикасында қайғылы оқиға болды. Түнгі ауысым кезінде 35 жастағы жұмысшы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өндірістік қамыр илейтін құрылғыны тазалап жатқан кезде оЛ айналмалы қалақтарына түсіп кеткен. Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Қайғылы жағдай 12 қазанға қараған түні болған. Аталған дерек бойынша полиция еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соққан жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың алғашқы сегіз айында өндірісте 20 жазатайым оқиға тіркелген. Салдарынан жиырмадан астам адам зардап шегіп, екі жұмысшы қаза тапқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.