Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік тіл мәртебесі

c 17:15, 21/01/2020 c 524

0:00 / 0:00

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру» жөніндегі іс-шаралар «Ақжайық» өңірінде сәтті жүзеге асуда. Талдауларға сүйенер болсақ, еліміз бойынша облыста орындалған жұмыстар алдыңғы үштікке енген. Сонымен қатар облыстық ономастика комиссиясының жұмысының нәтижесінде 1 ауылдық округ, 6 елді мекен, 200 көше атауларын өзгертуге оң қорытынды берілген. Оның ішінде 12 білім ошағының атауы қазақыланыпты. Мемлекеттік бағдарламаның «Мемлекеттік тілді меңгеру» бағытына қол жеткізу мақсатында басқарма тарапынан жыл сайын облыс тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылады. 2019 жылы 1060 адам қамтылып, сертификаттарға ие болды. Биыл да 1070 адамды қамту жоспарланып, курсты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.