Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды

c 18:09, 15/07/2019 c 1446

0:00 / 0:00

Биылғы оқу жылында еліміз бойынша 87 мың мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырған. Аталған сынақтан сүрінбей өткен талапкерлер бүгінгі күні мемлекеттік гранттарға құжаттарын тапсыруда. Еліміз бойынша барлық жоғары оқу орындарында бұл санатқа құжаттар қабылдау 13-шілдеден басталды. яғни, 54 мың үміткер мемлекет есебінен білім алмақшы.Гранттардың басым көпшілігі техникалық мамандықтарға беріліп отыр,- дейді мамандар.

Динара Мұратова биыл Ақсай қаласындағы мектепті бітіріп, тесттеу сынағын сәтті тапсырған. Жас талапкер мемлекеттік гранттан үмітті. Құжаттарын Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-не тапсырған Динараның арманы мұғалім болу.

Еліміз бойынша 13-шілдеден бастап, барлық жоғары оқу орындарында мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау басталды. Биылғы сынаққа құжат тапсыру процесінде бірнеше жаңашылдық бар. Соның ең маңыздысы, әрине, мемлекеттік гранттарға қатысты. Осы уақытқа дейін, гранттар мамандықтарға байланысты бөлініп келген болатын. Ендігі жерде жоғары білім алуға ниетті әрбір талапкер оқу бағдарламасын өздері таңдайды. Сол арқылы мемлекет есебінен білім алуға бақтарын сынайды.

Биылдан бастап, жас талапкерлер оқу ордаларына арналған құжаттарын онлайн түрінде тапсырып жатыр. 20-шы шілдеде конкурсқа құжаттарды қабылдау аяқталады. Кейін, комиссия мүшелері шілденің 20-сынан бастап, тамыздың біріне дейін грантқа кімдердің лайықты екендігін анықтайды. Сондай-ақ, биылғы жылы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-не 500 квоталық грант бөлінген. Ал, тамыздың 5-і мен 10-ы аралығында облыс әкімі бөлген грант иегерлерінің есімі жарияланады. Биыл еліміз бойынша әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған отбасыларында тәрбиеленген талапкерлер үшін қосымша 3000 грант бөлінді. Айту керек, олардың 100-і батысқазақстандық үміткерлерге тиесілі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.