Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектептегі ағымдағы жөндеу жұмыстары

c 17:17, 12/08/2021 c 1258

Орал қаласындағы білім беру нысандары жаңа оқу жылына дайындықты аяқтай келді. Өйткені жаңа құрылыс жұмыстарынан бөлек ағымдағы жөндеу шараларыда тәмәмдала келген. Мәселен №13 орта мектеп 2020 жылы «Энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу бойынша жаңғырту бағдарламасы» аясында Дүниежүзілік даму банкінің грантын ұтып алған. Соған орай биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Яғни, мектептің үш қабатындағы барлық терезелер мен шығатын есіктер ауыстырылды, шатырды жылыту жұмыстары жүргізілуде. Ауа райына байланысты жұмыс жасайтын үнемді жылу жүйесі орнатылады. Мектептің жарықтандыру жүйесі толықтай ауыстырылады. Барлық жұмыстар 24 тамызға дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек орталықтағы №3 ЖББОМ шатыры толықтай ауыстырылып ағымдағы жөндеу жұмыстары қызған. Мәселен №3 ЖББОМ 70 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың 3-4 маусымында қатты жел соғып осы білім беру нысанының шатырын жұлып әкету себепті комиссия мектептің төбе бөлігін толықтай жөндеуден өткізу туралы шешім қабылдады. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқтала келген. Білім ошағында барлығы 820 өрен білім алады. Биылғы жаңа оқу жылын мектеп табалдырығын 90 бүлдіршін аттайды деп жоспарланып отыр. №3 мектептен бөлек 13 мектепте күрделі жөндеу өтіп жатыр. Облыс орталығында үш ауысымды мектептер мәселесі біртіндеп шешімін табуда. Барлық білім беру орындары жаңа оқу жылына дайындықты пысықтауда.Бұдан бөлек Оралдағы «Ақбота» балабақшасы мен Дина Нүрпейсова атындағы мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.