Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп директорларына айыппұл салынбайды

c 17:01, 15/11/2019 c 656

0:00 / 0:00

БАҚ мен әлеуметтік желілерді шулатқан ақпарды кеше "Nur Otan" партиясының Орал қалалық филиалы ұйымдастырған брифинг жоққа шығарды. Биылғы жылдың 10 айында 55 қалалық мектептің 38-і ерекше тәртіппен тексеріліп, олардың 16-на сынып тығыздығына байланысты ескерту жасалып, олқылық бұзушылық фактісі ретінде тіркеліп отыр. Бір ескеретін жәйт бірде -бір мектеп директорына әкімшілік айыппұл салынған жоқ. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департамент назарына іліккен бұзушылықтар 6 ай көлемінде жойылуы керек. Ескертпелердің орындалуын бақылау үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Ерекше тәртіппен тексерілетін тексерістің негізігі мақсаты - білім мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы мен олардан келер қатердің алдын алу.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.